Көлік министрлігі

Ақылы жол: төлем жасау ережесі өзгерді

17.03.2026 15:00

Көлік министрлігі ақылы жолдарымен жүру ақысын төлеу тәртібіне бірнеше өзгеріс енгізді.

Жаңа өзгерістер ақылы жолдарды пайдаланушылар үшін төлем жасау тәртібін жеңілдейді. Оған қоса жолақысын уақытында төлемеген жүргізушілерді әкімшілік жауапкершілікке тартылу жағдайын азаяды.

Айта кетелік, бұрын нормаға сәйкес, жүргізуші жолақысын жеті күнтізбелік күн ішінде төлемеген болса, сегізінші күні материалдар  көліктік бақылау органдарына жіберілетін. Бұл процесс «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекске сәйкес жүргізілетін.

Енді жаңа тәртіп бойынша, егер жеке тұлға жол жүрген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде төлем жасамаса, материалдар 31-ші күні заңнамада белгіленген тәртіппен көліктік бақылау органдарына жолданады. Сонымен қатар жеке және заңды тұлғалар үшін жаңа норма енгізілді. Егер заңды тұлға есепті бір ай өткен соң, кейінгі айдың 20-сына дейін төлем жасамаса, материалдар келесі күні көліктік бақылау органдарына жіберіледі, - делінген хабарламада.

Осы өзгеріс республикалық маңызы бар ақылы жол учаскелерімен жүрген жүргізуші үшін төлем жасауға қосымша уақыт береді. Заңнамаға сай, бұл бұйрық ресми жарияланғанына 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

Қазір елімізде барлығы 27 ақылы жол бар. Ақылы автожолда жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер ететін және жөндеуді талап етіп тұрған жол учаскесі болса, дәл сол аралық үшін жөндеу жұмыстары толық аяқталғанға дейін төлемақы алынбайды.

Мысалы, егер ақылы жол учаскесінің жалпы ұзындығы 100 шақырымды құраса, оның 5 шақырымы жөндеуді талап етсе, онда жол жөнделгенге дейін жүргізушілер тек 95 шақырым жол үшін ғана ақы төлейді.

Ұлттық оператор жолдардың жағдайын үнемі бақылайды. Әр жүргізуші жол сапасы турасында шағымдана алады.  Ойлы-шұңқыр жол көрсеңіз, тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 нөміріне қоңырау шалып, хабарлаңыз.