QAJ.KZ

Ақылы трассаларда жылдамдық бақылауы күшейді

30.10.2025 11:55

2025 жылдың 29 қазанынан бастап «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ақылы жолдарда белгіленген жылдамдық шегін асыру деректерін Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі процессингтік орталығына (ӘІБТ ПО) автоматты түрде жіберуді бастады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Енді көлік қозғалысының жылдамдығын бақылау арнайы орнатылған автоматты аркалар арқылы жүргізіледі. Жүйе көліктің нақты жылдамдығын тіркеп, оны белгіленген шектеумен салыстырып, бұзушылық анықталған жағдайда ақпаратты бірден ӘІБТ ПО базасына жолдайды.

Бұл қадам жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етіп, айыппұл рәсімдеу процесін ашық әрі әділ етуге бағытталған.

Жылдамдық бақыланатын учаскелер:

«Көкшетау – Петропавл» бағыты:

  • 354 шқ — «Драгомировка» бақылау аркасы
  • 443,8 шқ — «Астраханка» бақылау аркасы
  • 473,126 шқ — «Бескөл» бақылау аркасы

«Алматы – Қорғас» бағыты:

  • 38,243 шқ — «Балтабай» бақылау аркасы
  • 204,648 шқ — «Ұйғыр» бақылау аркасы
  • 205,480 шқ — «Панфилов» бақылау аркасы

Жүргізушілерге арналған ескерту:

  • Жүйе көлік жылдамдығын нақты өлшеп, рұқсат етілген шектен асқан жағдайды автоматты түрде тіркейді.
  • Жиналған мәліметтер өңделіп, әкімшілік материалдар қалыптастырылады.
  • Жол қозғалысы ережелерін, әсіресе жылдамдық режимін қатаң сақтау қажет, себебі бақылау аркаларының деректері енді тікелей ресми базаға түседі.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, жаңа жүйе жолдардағы қауіпсіздікті күшейтіп, апат санын азайтуға және республикалық маңызы бар трассаларда әділ әрі тиімді бақылау тетігін орнатуға мүмкіндік береді.