Жаңалықтар

Ақтөбеліктер су тасқынынан соң қалыпқа келтірілген жол сапасына шағым айтуда

Ақтөбеліктер су тасқынынан соң қалыпқа келтірілген жол сапасына шағым айтуда
Фото: instagram.com/aqtobe_sergek 06.05.2024 12:12 631

Су тасқынынан соң өңірде көптеген көшенің тоз-тозы шықты, жергілікті билік өкілдері көлік қатынасын реттегенімен, тұрғындардың жол сапасына көңілі толмай отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті тұрғындардың бірі қалалық пабликте жазба қалдырып, 12-шағын аудандағы көшенің жағдайы көңіл көншітпейтінін айтқан.

Әуежайдың ұшу-қону жолағы су астында қалғанда, асфальтті қазып, барлық су өзенге бұрылды. Жұмыс аяқталған соң жолды ашып, қозғалысты қалыпқа келтірді. Жұмыстың сапасыз атқарылуы жол қатысушыларының барлығына қауіп төндіруде. Көлік кептелісі туындайды. Кедергіге дейін ешқандай белгі қойылмаған, - деп жазды жүргізуші.

Қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілдері бұл шағым назарға алынғанын мәлімдеді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от АКТОБЕ СЕРГЕК | AQTOBE SERGEK  (@aqtobe_sergek)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға