Жаңалықтар

Ақтөбелік жас өнертапқыш термоэлектрлік генератор жасап шығарды

Ақтөбелік жас өнертапқыш термоэлектрлік генератор жасап шығарды
Фото: instagram.com/aqtobe_bilim_basqarmasy 12.09.2024 17:49 231

Ақтөбе облысының Қарғалы ауданы, Бадамша ауылындағы мектеп-бөбекжай-бақшада білім алып жүрген жас физик Нечаев Артур мобильді және портативті құрылғыларды кез-келген жерде қуаттауға арналған термоэлектрлік генератор ойлап тапты. Бұл құрылғы Пельтье элементінің негізінде құрастырылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жас өнертапқыштың айтуынша, қазіргі таңда қыс мезгілінде мобильді құрылғылардың батареяларының тез таусылуы үлкен мәселе болып отыр. Әсіресе, қолайсыз ауа райында құрылғыларды зарядтау қиынға соғады. Осы мәселені шешу мақсатында Артур бірнеше сынақтар жүргізіп, Пельтье элементінің негізінде қуат көзі таусылған құрылғыларды жедел түрде зарядтайтын генератор жасап шығарды. Оның құрылғысы кез-келген аймақта, ауа райының қолайсыздығына қарамастан қолдануға ыңғайлы.

Нечаев Артур 6 жылдан бері «Зерде» ғылыми жобалар байқауына қатысып, өз білімін жетілдіріп келеді. Ол облыстық байқауда үш рет Гран-при иегері атанып, республикалық деңгейде екі рет бірінші орын алған. Жас өнертапқыш болашақта физика саласының маманы болуды мақсат етіп, ғылыми ізденістерін жалғастыруда.

Артурдың термоэлектрлік генераторы — экологиялық таза, энергияны үнемді қолдануға бағытталған және алыс аймақтарда да құрылғыларды қуаттауға мүмкіндік беретін инновациялық жоба.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға