Жаңалықтар

Ақтөбелік құтқарушылар жолда қалған 35 адамды эвакуациялады

Ақтөбелік құтқарушылар жолда қалған 35 адамды эвакуациялады
Фото: gov.kz 08.01.2023 16:26 1134

Ақтөбе облысының аумағында мұздың еруіне байланысты қауіпті кезеңнің басталуына байланысты қолайсыз жағдай орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

7 қаңтар күні 17 сағат 48 минутта Ойыл ауданы Қайыңды ауылындағы Ойыл өзеніне Уаз маркалы авто көлік мұз астына түсіп кетті, оқиға орнынан жүргізуші мен 2 жолаушы шығып үлгерді, ​ медициналық көмекті қажет етпеді. Оқиға қысқы кезеңде су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтамау себебінен орын алды.

Сонымен қатар жол қозғалысының шектелуіне байланысты 7 қаңтар күні 22 сағат 12 минутта Әйтеке би ауданы Самара-Шымкент тас жолының 968 шақырымында адамдарды эвакуациялау қажеттілігі туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына аудандық құтқарушылар  жіберілді. Құтқарушылардың көмегімен екі жолаушылар автобустарынан барлығы 35 адам (оның екеуі бала) Қарабұтақ ауылдық мешітіне эвакуацияланды. Жолаушыларға құрғақ тағамдар таратылды.  Зардап шеккендер жоқ.

Түнгі уақытта ауа райының қолайсыздығынан қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға байланысты автокөліктер блокбекеттерде тұрды. Сонымен қатар блокбекеттерде ТЖ қызметкерлері қысқы кезеңдегі қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігін сақтау, улы газбен улануға жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Таңертең ауа райы жақсарған кезде автокөліктерге жол ашылды.

Ақтөбе облысының ТЖ департаменті азаматтарға ауа-райының өзгеруін қадағалап, ауа-райының нашарлауы және автожолдарда автокөлік қозғалысына шектеулер енгізу кезінде жолға шықпауға кеңес береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға