Жаңалықтар

Ақтөбелік өрт сөндірушілер ер адам мен баланы аман алып қалды

Ақтөбелік өрт сөндірушілер ер адам мен баланы аман алып қалды
Фото: ТЖМ 14.03.2024 19:38 783

Бүгін 11-шағын ауданда 5 қабатты тұрғын үйдің 3-қабатындағы пәтерде балконның терезе жақтауы мен тұрмыстық заттар өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңда өрт сөндірілді.

Құтқарушылар көрші пәтерден 1982 жылы туған ер адамды және 2012 жылы туған қыз баланы аман алып шықты.

Өрттің шығу себебі анықталуда. Өртті сөндіруге 18 құтқарушы мен 4 бірлік техника жұмылдырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға