Жаңалықтар

Ақтөбеге тағы бір спортшы әкім болды

Ақтөбеге тағы бір спортшы әкім болды
Фото: Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі 26.06.2023 17:28 1015

Ақтөбе қаласына тағы бір спортшы әкім келді. Енді қаланы бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Азамат Бекет басқарады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

2000 жылдардың басында ол бокстан ұлттық құраманың мүшесі болды, ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде (қаржы полициясы) жұмыс істеді. Қаржы полициясының капитаны атағы бар.

2016 – 2018 жылдары Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымдарында қызмет атқарған.

2018 – 2020 жылдары Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі болып еңбек еткен.

2020 – 2021 жылдары Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2021 жылдың ақпан айынан Ақтөбе облысының Хромтау ауданының әкімі лауазымын атқарып келді.

Бір қызығы, Ақтөбе қаласын 2020-2022 жылдары самбодан үш дүркін әлем чемпионы Асхат Шахаров басқарған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға