El.kz/Арман МҰХАТОВ

Ақтөбедегі спорт мектебіндегі оқушы өлімінен соң бірнеше басшы қатаң сөгіс алды

29.05.2024 17:14

Ақтөбедегі Есет батыр атындағы олимпиада резерві облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің 8-сынып оқушысының өлімінен соң бірнеше басшы қатаң сөгіс алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары өз еркімен жұмыстан кетті. Сонымен бірге еркін күрестің 4 жаттықтырушысы 1 маусымнан бастап өз еркімен жұмыстан шығып жатыр, - деді Ақтөбе облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Евгений Гончаров. 

Қайғылы оқиғадан соң облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысына, мектеп директорына, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына қатаң сөгіс берілді.