Жаңалықтар

Ақтөбедегі республикалық маңызы бар жолды су басты

Ақтөбедегі республикалық маңызы бар жолды су басты
Фото: Видеодан кадр 19.03.2024 22:06 871

18 наурызда сағат 22:00-де А-26 «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» республикалық тас жолының 232 - 233 шақырымында (Шалқар қаласынан 20 шақырым) су тасқыны болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мұнай құбырына қызмет көрсетуге арналған инженерлік жолдың сол жағында орналасқан параллельді жол арқылы жол төсемінен асып, еріген судың пайда болуынан жолдың төмен орналасқан бөлігін су басып, нәтижесінде су тасқыны орын алды.

Жол бетіндегі еріген судың ені 15 метр, биіктігі шамамен 3-5 сантиметр. Бұл аумақта 3 (үш) су құбыры бар, су құбырлары толықтай жұмыс жасап тұр.

Су тасқынын жою үшін «ҚАЖ сервис» ЖШС (ЖПБ-13 Шалқар) Ақтөбе филиалының 15 жол жұмысшысы шұғыл жұмылдырылды, 6 бірлік арнайы техника  2 бірлікСамосвал (Камаз, Шахман), 1 бірлік Урал СШР, 2 бірлікПогрузчик, 1 бірлік ДРС ,(қосымша 2 бірлік Самосвал (Фотон, Камаз) және 1 бірлік Погрузчик  көмекке жіберілді). Жолды жиегін нығайту үшін 2600  қап құм және 1200 тонна құм төселді,(қосымша 3000 қап дайындалуда).Жергілікті мекемелерден (Теміржол мекемесінен) - 20 адам, 1 бірлік. Камаз Вахтовка.

2024 жылдың 19 наурызында сағат 22:00-де бұл учаскедешектеу жоқ, көліктер жолдың жүру бөлігінде кедергісізқозғалуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға