Жаңалықтар

Ақтөбедегі орталық стадион қашан ашылады

Ақтөбедегі орталық стадион қашан ашылады
Фото: gov.kz 14.04.2023 15:55 1541

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов орталық стадиондағы жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Өңір басшысына чемпионат пен Еурокубок ойындарына дайындық аясында атқарылатын жұмыстар туралы баяндалды.

Облыс аумағында жұмыс істейтін бірқатар әлеуметтік бағдарланған компаниялармен стадионға ағымдағы жөндеу жүргізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Жұмысқа шұғыл кірісіп, маусым айының басында аяқтау қажет, - деп «Ақтөбе» ФК басшылығына, мемлекеттік органдарға Ералы Тоғжанов тапсырма берді

Атап айтқанда, стадион алаңы жаңартылады, мінберлер ауыстырылады, киім-кешек бөлмелері мен санитарлық-гигиеналық тораптар жөнделеді.
 
Стадионға ағымдағы жөндеуді сапалы жүргізу – өңір басшысының жеке бақылауында.

Айта кетейік, 2021 жылы стадионды жөндеу жүргізуге 60 миллион 557 мың теңге бөлінсе, былтырғы жылы бұл сома 68 миллион 22 мың теңге көлемінде болды.Қазіргі уақытта "Ақтөбе" футбол клубыны өз алаңындағы матчтарын "ОСДЮСШОР" стадионында  өткізіп жатыр, ол үшін жанкүйерлер тарапынан сынға ұшыраған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға