Ақтөбедегі ауылшаруашылық жәрмеңкесінде жергілікті өндірушілердің өнімдері сатылды
10.05.2025 23:39
Фото:
Ақтөбе облысының әкімдігі
Ақтөбеде «Табыс» коммуналдық базарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп, оған Ақтөбе қаласы мен Шалқар ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, оның ішінде «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылар әкелген өнімдер қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Келушілер бір тоннадан астам ет, сондай-ақ шұбат, қымыз, құрт, сүзбе, сары май, тары, жұмыртқа, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер, көкөністер пен басқа да жоғары сапалы табиғи өнімдерді сатып алды.
Жәрмеңкенің бір артықшылығы нарық бағасынан 10-15 пайызға төмен баға болды.
Айта кету керек, мұндай іс-шаралар облыс орталығында тұрақты түрде өткізіліп тұрады, бұл ақтөбеліктерге сапалы өнімді тиімді бағамен алып қана қоймай, жергілікті өндірісті қолдауға да мүмкіндік береді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

