Ақтөбедегі ауылдағы үйден өрт шықты: Әйел мен баласы зардап шекті
Фото: ©El.kz/Ғазиз ШАКИРОВ
Фото: ©El.kz/Ғазиз ШАКИРОВ
01.03.2024 11:30
1123
1 наурыз күні сағат 08:20-да Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылында жеке тұрғын үй алқабында ауданы 144 шаршы метр өрт болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өрт сөндірушілер 2019 жылы туған ұл баланы құтқарды. Өрттен зардап шеккен 1997 жылы туған әйел мен бала ауруханаға жатқызылды. Өрт 09-20-да толығымен сөндірілді.Өрттің шығу себебі анықталуда.
Төтенше жағдайлар қызметінің жеке құрамынан 7 өрт сөндіруші мен 2 техника жұмылдырылды. Төтенше жағдайлар министрлігі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұсынады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қарағанды облысында екі балықшы жоғалып кеткен