Ақтөбеде зорлықпен өлтірілген екі адамның мәйіті табылды
05.09.2023 06:18
Фото:
©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Ақтөбеде екі адамның мәйіті табылды, полиция күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
4 қыркүйек күні сағат 20:00 шамасында Ақтөбе қаласы Гришина көшесіндегі бес қабатты үйдің пәтерлерінің бірінен заңды некеде тұрған 64 жастағы ер адам мен 70 жастағы әйелдің зорлықпен өлтірілген мәйіттері табылды, - деп жазды аймақтағы полиция департаментінен.
Екі адамды өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті анықталып, ұсталды.
Қажетті сараптамалар тағайындалды.

