Ақтөбеде жұмысқа орналаспақ болған тұрғындар алаяққа алданып қалған
02.10.2023 13:31
Фото:
© Polisia.kz
Ақтөбе облысында жұмысқа орналаспақ болған тұрғындар алаяққа алданып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ақтөбе облысының полициясына бірнеше тұрғын алаяқтық туралы арызданды. Жәбірленушілердің айтуынша, осы жылдың тамыз айында белгісіз жігіт мұнай-құрылыс компаниясына вахталық әдіспен жұмысқа орналастыруға уәде беріп, олардың ақшаларын иемденген.
Жәбірленушілер күдіктіге 70 мыңнан 150 мың теңгеге дейін берген. Полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен Атырау облысының 25 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.
Күдіктінің алаяқтықтың үш фактісіне қатысы бар екені анықталды. Жәбірленушілер бұдан да көп болуы мүмкін. Алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

