Ақтөбеде жол белгілеріне бөлінген 272 млн теңге жымқырылған
Ақтөбе қаласының прокуратурасы бюджеттен жол белгілеріне бөлінген 272 млн теңгені жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығының директоры қызметін пайдаланып, мемлекеттік сатып алу шарттары негізінде 272 млн теңгеге жол белгілерін салу бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың актілерін қабылдаған.
Директордың әрекеті Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сараланып (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу), оған қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі таңда қылмыстық іс Ақтөбе қаласының №2 сотына мәні бойынша қарау үшін жолданды,-делінген прокуратура мәліметінде.