Ақтөбеде жол апатынан 4 адам қаза тапты
Ақтөбеде жол апаты салдарынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 18 қыркүйекте сағат 23:30 шамасында Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Елек аулының маңында Ақтөбе – Астрахань автожолының жол-құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жабық учаскесінде кісі өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болған.
39 жастағы Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі жол-құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жолдың жабық учаскесіне шығып, сол жерде тұрған асфальт катогімен соқтығысқан. Салдарынан жүргізуші мен оның үш жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Қаза тапқандардың барлығы – осы учаскеде жол-құрылыс жұмыстарын жүргізетін ұйымның қызметкерлері, – делінген хабарламада.
ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.