Ақтөбеде кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тересін сындырып, қашып кеткен үш қыз жалдамалы пәтерден табылды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
8 желтоқсан күні "Аяла" бейімдеу орталығынан үш кәмелетке толмаған қыздар Манар Мырзакенова, Әмина Тезекбаева және Жұлдызай Дошонова қашып кеткен болатын. Іздеуге полицияның кешенді күштерінің нарядтары, еріктілер жұмылдырылды.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қашып кеткен қыздарды жалдамалы пәтерден тапты.
Айта кетейік, 8 желтоқсан күні Ақтөбеде полиция кәмелетке толмаған үш қызды іздестіріп жатқанын хабарлаған еді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

