Ақтөбеде жоғалған үш қыз жалдамалы пәтерден табылды
10.12.2023 02:33
Фото:
© Polisia.kz
Ақтөбе қаласындағы «Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан қашып кеткен үш қыз бір тәулік өткен соң жалдамалы пәтерден табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қашып кеткен үш қызды тапты.
Тексеру барысында олардың жалдамалы пәтерде екендігі анықталды. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған тәрбиеленушілер Ақтөбе қаласы полиция бөліміне жеткізілді. Үшеуі үш түрлі мектепте оқиды,- деп хабарлайды Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.
Қыздардың үшеуі де орталықтан сырт киімсіз шығып кеткен. Олардың киім алғанын фотодан көруге болады.
Еске салсақ, 8 желтоқсан күні сағат 23:00 шамасында үш қыз орталықтан қашып кетті. Оларды полиция мен еріктілер іздеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

