Ақтөбеде жеке тұрғын үйде өрт шықты
27.05.2024 22:35
Фото:
Төтенше жағдайлар министрлігі
Ақтөбе облысы Ноғайты кентінде жеке тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өрт туралы хабар алысымен өрт сөндірушілер дереу оқиға орнына жетті. Қызыл жалын 15 шаршы метр аумақты шарпыған. Құтқарушылар оны дер кезінде сөндірді.
Өрттің себебі анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.

