Ақтөбеде жас футболшы қаза тапты
13.10.2025 09:39
Фото:
fcaktobe_official / instagram
13 қазанға қараған түні «Ақтөбе» футбол клубы жас ойыншы – 15 жастағы Арон Мұсаның қаза тапқаны туралы қаралы хабар таратты. Бұл туралы ақпарат клубтың ресми Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, қайғылы оқиға алдыңғы күні болған. Өлімнің нақты себебі әзірге жария етілмеген, алайда Аронмен бірге оның әжесі мен інісі де көз жұмғаны айтылды.
Клуб ұжымы жас спортшының отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтты, сондай-ақ Аронның академияның болашағынан зор үміт күттірген ойыншысы болғанын атап өтті.
Қазіргі уақытта ресми органдар бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

