Ақтөбеде жаңа жылы түнде дүниеге келген сәбилердің аналарын дәрігерлер құттықтады
02.01.2025 03:34
Фото:
Ақтөбе облысы әкімдігі
Ақтөбеде жаңа жыл түні дүниеге келген нәрестелердің аналарын бірінші болып дәрігерлер құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа жыл түні ең бірінші сәби Байғанин ауданындағы перзентханада дүниеге келген. Сағат 00:10-де салмағы 2900 гр қыз бала дүниеге келді. Нәресте Гаухар мен Райымбек Оразғалиевтер отбасындағы төртінші перзент. Ал Ақтөбе қаласы бойынша бірінші бала 2025 жылы қалалық Қарғалы ауруханасында дүние есігін ашты. Сағат 00: 20-да көпбалалы ана бесінші баласын босанды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Ақтөбе облысында жаңа жыл түнінде барлығы 14 сәби дүниеге келді. Оның тоғызы - ұл, бесеуі - қыз.
Барлық жаңа туған нәрестелер мен аналарды стационарлардың әкімшілігі өкілдері құттықтады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

