Ақтөбеде зейнеткерді тонап кеткен ер адам ұсталды
EL.KZ Информационно-познавательный портал
04.02.2023 16:00
Фото:
polisia.kz
Белгісіз ер адам 68 жастағы зейнеткерді артынан итеріп, ішінде банк карталары, жеке куәлік пен 50 мың теңге ақша бар сөмкені ұрлап кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жедел іс-шаралар барысында 28 жастағы күдікті ұсталды.
Ол ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап үлгерген.
ҚР ҚК 191-бабының 1-бөлігі "Тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті УҰИ-на қамалды.

