pixabay.com

Ақтөбеде велосипед мінген жасөспірімді автобус қағып кетті

05.06.2025 17:03

Алдын-ала мәлімет бойынша, қоғамдық көлік жүргізушісі 2011 жылы туған ұл баланы қағып кеткен, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала әртүрлі дәрежедегі жарақаттар алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Оның жағдайы нақтылануда.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның аясында жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы анықталатын болады.

Оқи отырыңыз:

Құқық қорғау органдары ата-аналарға жолдағы балалардың қауіпсіздігін күшейтіп, қадағалауды сұрайды. Әсіресе велосипед айдау кезінде жол қозғалысы ережелерін сақтау аса маңызды екеніне назар аудару қажет. Сондай-ақ, жолдың жүру бөлігінде қозғалу, жол айырықтарын кесіп өту және бағдаршам сигналдарын елемеу ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін еске салды.