Жаңалықтар

Ақтөбеде үш баланың анасын бұрынғы күйеуі қалай өлтіргені белгілі болды

Ақтөбеде үш баланың анасын бұрынғы күйеуі қалай өлтіргені белгілі болды
Фото: коллаж El.kz 06.05.2024 18:11 3449

Ақтөбе облысы Саркөл ауылында үш баланың анасын аса қатыгездікпен өлтірген бұрынғы күйеуіне қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында адам өліміне қатысты оқиғаның қалай болғаны баяндалды.

Прокурор Гүлзира Көшербаева айыпталушы Айбануды екі минут бойы қылқындырғанын айтты.  

Прокурордың сөзінше, күдікті Шұбарши елді мекеніне жеткен соң дүкеннен өзіне энергетикалық сусын, салқын шай сатып алады. Кейін такси жүргізушісіне дүкен жанында күте тұруын айтады. Өзі жаяу Айбану тұратын үйге барады. Бұрынғы жұбайы Сағымбаевамен қайтадан қосылғысы келіп, екеуі өзара жанұялық мәселесін шешу бойынша сөйлесіп тұрған сәтінде әңгіме келіспеушілікке айналған. Себеп – Айбанудың қайта қосылудан бас тартуы.

Шай қояйын деп теріс қарап тұрған Сағымбаеваның артынан жақындап келіп, оң қолымен мойынын құшақтап қысып, қасақана қазаға ұшырату арқылы қылмыстық ойын аяғына дейін жеткізу мақсатында тыныс алуы тоқтағанға дейін екі минут аралығында оң қолымен қысып тұншықтырған. Сот-медицина сараптамасының қорытындысына сәйкес қайтыс болуы себебі механикалық асфексия деп танылды, - деді прокурор.

Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігінде көзделген аса ауыр санаттағы қылмыстық құқықбұзушылық жасады деп айыпталған сотталушы 1 ақпаннан бері қамауда отыр.

Еске салайық, бұған дейін үш баланың анасы бұрынғы күйеуінің қолынан қааза болғанын хабарлаған едік.  

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға