Жаңалықтар

Ақтөбеде ұлын өлтірді деп айыпталған азаматқа қатысты сот өтті

Ақтөбеде ұлын өлтірді деп айыпталған азаматқа қатысты сот өтті
Фото: © Polisia.kz 01.08.2023 20:33 782

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өз баласын аса қатігездікпен өлтірген адамға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сотталушының кінәсі полиция жинаған іс материалдарымен және заттай дәлелдемелермен, жүргізілген сараптамалардың қорытындыларымен, сондай-ақ жәбірленуші мен сотталушының айғақтарымен дәлелденді. 

Сот үкімімен ол ҚК-нің 99-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 28 желтоқсанында Ақтөбе қаласы Қазанғап көшесіндегі үйдің ауласынан 5 жасар Данил Ахунов жоғалып кеткен болатын. Іздеуге полицияның кешенді күштерінің нарядтары, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен еріктілер тартылды. 

Қараусыз қалған гараждар, саяжайлар, орман алқаптары және кәріз құдықтары тексерілді. Сүңгуірлер жақын маңдағы су айдындарын тексерді. Іздеу шараларының нәтижесінде зорлықпен өлтіру белгілері бар жоғалған баланың мәйіті табылды. 

Тергеушілер мен жедел қызмет қызметкерлердің сауатты жоспарланған және уақытылы жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде қылмыс ашылды. 

Қылмыс жасады деген күдікпен полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған баланың әкесін анықтап, ұстады. Барлық жиналған дәлелдемелер мен сараптамалары бар қылмыстық іс айыптау қорытындысымен сотқа жіберілген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға