Ақтөбеде тұрмыстық техника сататын дүкенге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
16.08.2024 11:02
626
Ақтөбеде полиция тұрмыстық техника сататын дүкеннен ұрлық жасады деген күдікпен қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Күдікті түнде дүкеннің металл торының шыбықтарын итеріп, пластикалық терезесін қысып ашып, ұрлық жасаған. 37 жастағы күдіктінің олжасы 6 телефон және 1 ноутбук болды. Келтірілген шығын 3 млн тенгеден асты.
Күдікті ұрланған заттардың бір бөлігін сатып үлгерген, ал бір бөлігін полиция оның тұрғылықты жерінен тәркіледі.
Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкентте әскерге шақырылған жігіт терезеден секіріп кеткен