Бүгін Ақтөбе қаласының Алматы ауданында Ы.Алтынсарин көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде үй жиһаздары мен тұрмыстық заттар өртенді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жедел әрекет етіп, жоғарғы қабаттардан 8 адамды эвакуациялады. Олар жанған заттардың түтінінен улану қаупінен аман қалды.
Өрт 3 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, - деп мәлімдеді ТЖМ баспасөз қызметі.
ТЖМ тұрғындарға ескерту жасай отырып, түтінге толы кеңістік өте қауіпті екенін қаперге салады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

