Жаңалықтар

Ақтөбеде тікұшақ апатынан аман қалған екі әскери ауруханадан шықты

Ақтөбеде тікұшақ апатынан аман қалған екі әскери ауруханадан шықты
Фото: © El.kz 19.11.2024 22:03 483

Ақтөбедегі тікұшақ апаты кезінде зардап шеккен екі әскери ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар екі әскеридің сүйектері сынып, денелері күйік шалғанын айтқан болатын. Дәрігерлердің көмегінің арқасында бүгінде олардың жағдайы жақсарып, үйлеріне шығарылды. Дегенмен олар мамандардың бақылауында бола бермек. 

Еске салсақ, 9 қарашада Ақтөбе облысында оқу-жаттығу кезінде Қорғаныс министрлігіне қарасты «Ми-8» тікұшағы апатты жағдайда қонып, бір адам қайтыс болды. Екі әскери шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Оқиға Мәртөк ауданының аумағында болған. Қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Кейінірек Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев Ақтөбеде облысында болған тікұшақ апатының алдын ала себебін айтты.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға