Жаңалықтар

Ақтөбеде табиғатты ластаған компания 2,9 млрд теңге айыппұл төлейді

Ақтөбеде табиғатты ластаған компания 2,9 млрд теңге айыппұл төлейді
Фото: © El.kz 06.09.2024 12:18 462

Ақтөбеде табиғатты ластағаны үшін кәсіпорынға 2,9 млрд теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбенің табиғат қорғау прокурорлары «Восход Хром» ЖШС-ның қызметінде Хромтау ауданында хром кенін өңдеу кезінде заңбұзушылықтарды анықтады. Атап айтқанда, кәсіпорын 2022 жыл ішінде міндетті экологиялық рұқсаты болмаса да жұмыс істеген.

Осы кезеңдегі барлық эмиссия, бұл атмосфераға 52 тоннадан астам ластаушы заттардың шығарындылары (бейорганикалық шаң, 3 валентті хром, магний оксиді және т.б.), сондай-ақ жалпы 395 мың тонна көлемінде орналастырылған ірі кесек және шламды байыту қалдықтары нормативтен жоғары, яғни заңсыз деп танылды.

Табиғат қорғау прокуратурасының шараларымен кәсіпорынға экологиялық рұқсатсыз қызметті жүзеге асырғаны үшін 2,9 млрд теңгеден астам айыппұл салынды.

Серіктестікті әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулыға сот тәртібімен шағым жасалды.

Облыстық соттың бірінші және апелляциялық сатылары айыппұлды заңды деп таныды.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға