Ақтөбеде құтқарушы балабақша тәрбиешілерін көтеріп, қауіпсіз жерге шығарды
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
27.03.2024 16:24
Фото:
Видеодан кадр
Ақтөбеде су тасқыны кезінде ТЖМ өкілдері тұрғындарды құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтөбе қаласында №22 ӨСБ бөлімше командирі, азаматтық қорғау сержанты Аскарбек Узаков Қызылжар тұрғын алабынан балабақша тәрбиешілерін арқалап көтеріп, еріген қар суы аймағынан қауіпсіз жерге алып шығарды.

