Ақтөбеде құрылыс аумағынан өрт шықты
17.11.2024 13:11
Фото:
Бейнежазбадан скриншот
Ақтөбелік құтқарушылар өрттің таралуына жол бермеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтөбе қаласындағы Қонаев көшесіндегі сауда үйінің маңындағы құрылыс ангарының жануы туралы хабарланған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жедел өртті сөндіріп алды. Нақтыланған мәліметтер бойынша бірқабатты жеке тұрған құрылыс ангарында құрылыс материалдары мен жабындардың жануы тіркелген.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында аз шығынмен 30 ш.м. алаңда өрт сөндірілді. Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

