El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ

Ақтөбеде полицей өз үйінде өлі табылды

27.03.2025 12:06

Әлеуметтік желілерде Ақтөбе қаласында полицейдің мәйіті табылғаны туралы ақпарат тарады. Бұл деректі қалалық полиция департаменті растады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомствоның мәліметінше, тәртіп сақшысының денесі өз үйінен табылған, зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.

Марқұмның денесі тұрғылықты мекенжайынан табылды, өлімнің сыртқы белгілерінен зорлық-зомбылық байқалмады, – деп хабарлады департамент өкілдері.

Полиция өкілдері қайтыс болған қызметкердің бұрынғы операциядан кейін ем қабылдап жүргенін де атап өтті.

Қазіргі таңда оқиға бойынша тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.