Жаңалықтар

Ақтөбеде Ойыл өзені тасып, тұрғындар эвакуацияланды

Ақтөбеде Ойыл өзені тасып, тұрғындар эвакуацияланды
Фото: gov.kz 17.03.2023 21:21 1096

Тасқын судың қысымы мен Ойыл өзені деңгейінің күрт көтерілуінен Ойыл ауданы Қаратал ауылының айналасына қойылған құмнан жасалған қорғаныш үйінді елді мекеннің батыс бөлігінен келген суға төтеп бере алмады, нәтижесінде үйіндіні су шайды. Осыдан ауылды су басу қаупі туындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Оқиға орнына облыс әкімі Ералы Тоғжанов пен облыстық ТЖД бастығы барды.
  
Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар тұрғындарды Қаратал ауылындағы мектепке эвакуациялау, сондай-ақ шайылған үйінді аумағын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.
 
Ақтөбе қаласы мен жақын аудандардан ТЖД күштері мен құралдары жіберілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға