Жаңалықтар

Ақтөбеде отбасылық жанжалдан соң ер адам өз-өзіне қол жұмсамақ болған

Ақтөбеде отбасылық жанжалдан соң ер адам өз-өзіне қол жұмсамақ болған
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 16.01.2025 16:18 113

Ақтөбеде полицейлердің ер адамды құтқару сәті бейнежетонға түсіп қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

13 қаңтар түнгі уақытта учаскелік полиция пунктінде қызметте болған полиция инспекторлары Мерген Байжанов пен Нұрхат Салимгереев жергілікті тұрғыннан түсініксіз мазмұндағы телефон хабарламасын алған. Онда ер адам өзі алыс жол жүріп кеткенін жазып, полицейлерден жарты сағаттан кейін үйіне жедел тергеу тобын жіберуді өтінген. Полицейлер дереу оның мекенжайына шықты.

Үйге жақындаған кезде олар үй иесінің жіпке асылып тұрғанын көрген. Полиция капитаны Н.Салимгереев ер адамды дереу көтеріп алып, әріптесі Мерген Байжанов оның мойнындағы жіпті кесіп үлгерген. Ес-түссіз жағдайда болған тұрғынға олар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырды.

Қазіргі уақытта 31 жастағы ер адамның жағдайы қалыпты. Мұндай қадамға ол отбасылық кикілжің салдарынан барған.

Күндіз ғана бұл азаматты қаладағы сауда орындарының бірінен көріп, амандасқан болатынбыз. Оның жол жүріп кеткенін айтқан хабарламасы бірден күдік тудырып, жедел жеттік. Ең бастысы, әрине, оның амандығы, ­– дейді әкімшілік аумағын жиі аралап, әрбір тұрғынды жақсы танитын Нұрхат Салимгереев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға