Жаңалықтар

Ақтөбеде мемлекеттік қызметшілердің өзін-өзі дамыту орталығы іске қосылды

Жобаның ерекшелігі – мемлекеттік бюджеттен бірде-бір ақша бөлінбеген
Ақтөбеде мемлекеттік қызметшілердің өзін-өзі дамыту орталығы іске қосылды
Фото: Ақтөбе облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі 09.02.2023 03:21 960

Ақтөбеде мемлекеттік қызметшілерге арналған кәсіби өзін-өзі дамыту орталығы ашылды, деп хабарлайды El.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Орталық Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимаратында орналасқан.

Оның салтанатты ашылу рәсіміне Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов, сондай-ақ мемлекеттік, банк мекемелері мен қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов қатысты.


Бұл жобаның басты ерекшелігі – мемлекеттік бюджеттен бірде-бір ақша бөлінбеген, мұның бәрі кәсіподақ қаражаты есебінен жасалды. Мұндай кабинеттер миды тынықтыруға, аз болса да, түскі уақытта демалуға және әріптестерімен жақсы уақыт өткізуге пайдалы, - деді құттықтау сөзінде Мирболат Жақыпов.

Орталық «Қызмет» салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалының қолдауымен ҚР Кәсіподақтар федерациясы ұйымдастырған «Халық бюджеті-2022» байқауы аясында ашылды. Байқау қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы әкімі аппаратының бастауыш кәсіподақ ұйымы «Кәсіби өзін-өзі дамыту орталығы» жобасының жеңімпазы атанған.

Бұл мемлекеттік қызметшілерге жұмыс уақытынан тыс уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Кабинетте әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып, зияткерлік ойындар, өзін-өзі жетілдіру бойынша тренингтерге қатысуға, психологпен кеңесіп, кітап оқып, танымдық фильмдер көруге мүмкіндік бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға