Жаңалықтар

Ақтөбеде мектеп қаржысын құмар ойынға салған есепші сотталды

Ақтөбеде мектеп қаржысын құмар ойынға салған есепші сотталды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 23.02.2024 12:12 1882

Ақтөбедегі №55 орта мектеп есепшісі 400 млн теңге ақшаны заңсыз иемденіп, оны құмар ойынға салып жібергені үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Сотталушы соңғы сөзінде өз кінәсін толық мойындап, анасынан кешірім сұрады. 

Мен тергеу органдарына үнемі көмектестім. Өз ісімді жасырмадым, мойындадым. Мені қатаң жазаламауды сұраймын. Осы сәтті пайдаланып мен анамнан кешірім сұраймын, - деді сотталушы.

Сот үкімімен ол айыпты деп танылып, Қылмыстық кодекстің «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бабы бойынша 7 жылға бас бостандығанан айырылды. Ол 10 жыл бойы қаржыға жауапты қызметте еңбек ете алмайды.

Судья Ақтөбе облыстық білім басқармасының азаматтық талап арызын қанағаттандырып, сотталушыдан 413 млн теңгеден астам шығынды өтеуге міндеттеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға