Жаңалықтар

Ақтөбеде лаңкестікке қатысты жалған хабарлама берген 18 жастағы шетелдік ұсталды

Ақтөбеде лаңкестікке қатысты жалған хабарлама берген 18 жастағы шетелдік ұсталды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 25.01.2024 22:27 928

Ақтөбе қаласының мектептерінде терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау дерегі бойынша полиция қызметкерлерімен жақын шет елдердің бірінің 18 жастағы тұрғыны анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Өңірдегі жағдай – құқық қорғау органдарының бақылауында болғандықтан алаңдауға ешқандай негіз жоқ. Сондай-ақ, өзге ақпараттар  қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеуге қатысты жария етуге жатпайды. 

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желілерде Ақтөбе қаласындағы мектептерде қылмыс жасау қаупі туралы хабарлама таралғаннан кейін полиция оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, оның ішінде бейнебақылау жүйесі арқылы және олардың маңына полиция жасақтарын көбейту арқылы күшейткен болатын. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарында өткізу режимі бақылауға алынды.

Жыл басынан бері шетелде таралған осындай бірқатар жалған хабарламаларды ескере отырып, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу барысында осы ақпаратты таратқан адамдарды анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға