Жаңалықтар

Ақтөбеде көлік инспекторын екі бірдей жүк көлігі қағып өлтірді

Ақтөбеде көлік инспекторын екі бірдей жүк көлігі қағып өлтірді
Фото: © Pixabay.com 27.12.2023 11:22 2912

Ақтөбеде қызметтік міндетін атқару кезінде көлік инспекторы қаза тапты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ер адамды бірден екі жүк көлігі қағып кеткен, бірінші көлік соққан сәтте ол қарсы жолаққа ұшып кеткен, сол жерде ер адамды қарсы өтіп бара жатқан екінші жүк көлігі қаққан. Тengrinews.kz тілшісіне Ақтөбе облысының Полиция департаменті берген мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасы Ақтөбе-Орынбор тасжолында болған.

Ақтөбе-Орынбор тасжолында Өзбекстан Республикасынан келген көлік жүргізуші көлік инспекторын қағып кетті, соққыдан ер адам қарсы жолаққа шығып кетіп, бақылау-өткізу бекетінде тоқтаған басқа жүк көлігі астына түскен, - деп хабарлады жол полициясы.

Полицейлер мәліметінше, жүк көлігінің жүргізушісі қазір Мәртөк ауданында, кетпеу туралы қолхатпен босталған. Жол-көлік оқиғасы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға