Жаңалықтар

Ақтөбеде көктайғақ салдарынан 12 көлік көпір үстінде соғылды

Ақтөбеде көктайғақ салдарынан 12 көлік көпір үстінде соғылды
Фото: ІІМ баспасөз қызметі 29.10.2023 09:57 600

Ақтөбе қаласында көктайғақ кезінде 12 көлік соғылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап. 

28 қазанда Ақтөбе қаласында "Сельмаш" ауданындағы көпірде ауа райының нашарлауына байланысты (қар, көктайғақ) 12 көлік соқтығысқан. Апат кезінде құрбандар мен зардап шеккендер тіркелмеген.

Полиция департаменті жүргізушілер үшін ең қауіпті-дымқыл асфальт екенін еске салады. Жол төсемі тайғақ, сонымен қатар мұз пайда болды. Бұл жағдайлар жиынтықта көлік құралдарының тежеу жолының ұлғаюына ықпал етеді. Жолдарда қауіпсіз жүру мақсатында полицейлер автокөлік құралдарының иелеріне жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты және маневр жасау ережелерін мүлтіксіз сақтауға кеңес береді. Сондай-ақ, өтпелі жолда немесе жол бойымен келе жатқан жаяу жүргіншілерге өте мұқият болу керек, - деп жазылған ПД таратқан ақпаратта. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға