Жаңалықтар

Ақтөбеде ипотекалық орталық ашылды

Ақтөбеде ипотекалық орталық ашылды
Фото: Ақтөбе облыстық әкімдігі 28.08.2023 00:08 719

Ақтөбеде облыс тұрғындары үшін жылжымайтын мүлік іздеу және сатып алу процесін жеңілдететін ипотекалық орталық іске қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық әкімдік мәліметінше, салтанатты шараға облыс әкімі Ералы Тоғжанов қатысты.

Тұрғын үй құрылысының қарқынды өсуін және жалпы облыстың дамуын ескере отырып, мұндай орталықтың ашылуы – облысымыз үшін өзекті. Орталық мемлекеттік ипотекалық бағдарламаларды жүзеге асыруға белсенді атсалысып, халық игілігіне қызмет етеді деп сенемін, - деді облыс әкімі.

Бұл – «Банк Центр Кредит» ұйымының еліміздегі екінші ипотекалық орталығы. Біріншісі биыл маусым айында Астана қаласында ашылған болатын.

Орталық жылжымайтын мүлікті сатып алу процесінің ыңғайлылығы мен қарапайымдылығын қамтамасыз етеді. Мұнда өңірдегі жетекші жылжымайтын мүлік саласындағы құрылыс компаниялары, сондай-ақ ипотеканы рәсімдеу және жылжымайтын мүлік мәмілелерін жасау кезінде қажетті процеске қатысушылар, яғни нотариустар, бағалау компаниясы, жылжымайтын мүлік агенттіктері жұмыс істейді, - дейді Гүлнар Черниязова.

Облыстық әкімдік мәліметінше, Ақтөбе облысы тұрғын үйді пайдалануға беру жағынан көш басындағы үштіктің қатарында. Осы жылы кемінде 1,3 млн м2 жаңа баспана салу жоспарда бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға