Ақтөбеде есірткіге мас күйінде көлік тізгіндеген танымал рэпер ұсталды
04.09.2025 20:02
Фото:
Видеодан кадр
Ақтөбеде жедел іс-шаралар барысында есірткілік масаң күйінде көлік жүргізген 31 жастағы рэп орындаушысы ұсталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тінту кезінде өнер иесінен ұнтақ тәрізді зат салынған зип-пакет тәркіленді. Сараптама қорытындысы оның синтетикалық есірткі заты екенін көрсеткен.
Медициналық куәландыру нәтижелері де оның көлікті есірткілік масаң күйде басқарғанын растады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды,-делінген полиция мәліметінде.
Әлеуметтік желіде тараған бейресми мәліметке сүйенсек, ұсталған өнер иесі Qarakesek лақап атымен танымал Омар Амантаев екені айтылған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

