Ақтөбеде есірткі таратқан азамат туған күнінде ұсталды
04.01.2025 21:51
Фото:
Polisia.kz
Ақтөбе қаласында 21 жастағы жігіт есірткі таратты деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қызық болған күдікті туған күнінде полицияға ұсталған. Полиция оның үстінен 24 орам есірткі тәріздес ұнтақ зат тапты. Сараптама бұл заттың «мефедрон» екенін анықтады. Сондай-ақ, күдікті есірткіні жасырған басқа орындарды да көрсетті.
Қазіргі уақытта осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Айта кетейік, 2 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған заңда есірткі өндіру және таратумен айналысқандарға жазаны күшейту қарастырылған. Бұл құжатта ауыр қылмыстар үшін ұзақ мерзімді бас бостандығынан айыру және мүлікті тәркілеу қарастырылған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

