Жаңалықтар

Ақтөбеде есірткі сатқандар 11 жылға сотталды

Ақтөбеде есірткі сатқандар 11 жылға сотталды
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ 02.08.2024 14:34 493

Ақтөбеде есірткі сатушылар 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақпан айында Ақтөбе облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтөбе қаласында жедел іс-шараларды өткізу барысында автотұрақ аумағында автокөлігінен 60 келіге жуық марихуана тәркіленген күдіктіні ұстады. Сондай-ақ оның танысының тұрғылықты тұратын жерін тексеру барысында гаражынан 20 келіге жуық марихуана тәркіленді. 

Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 77 келіден асты. Қазіргі уақытта есірткі заттарымен заңсыз жұмыс жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Сот қылмыстық істің екі қатысушысын да 11 жылға қатаң режимде бас бостандығынан айырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға