Жаңалықтар

Ақтөбеде екі зейнеткерді алдаған күдікті ұсталды

Ақтөбеде екі зейнеткерді алдаған күдікті ұсталды
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ 17.12.2024 11:12 93

Ақтөбеде екі зейнеткерді алдаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбе қаласында алаяқтық қылмысқа қатысты күдікті әйел қолға түсті. Ол өзін әлеуметтік қызметкер ретінде таныстырып, 92 жастағы қарияға жаңа ақша айырбастау жүріп жатқанын айтқан. Сөзге сенген зейнеткер күдіктіге 600 мың теңгеден астам қаражатты қолма-қол ұстатып жіберген. Алайда қария көп ұзамай алданғанын түсініп, дереу полицияға арызданды. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері қылмыскердің жеке басын анықтап, оны ұстау үшін жедел шаралар қабылдады. Күдікті Алматы қаласының тұрғыны болып шықты.

Тексеру барысында ол тағы бір осындай алаяқтыққа қатысы бар екенін мойындады. Жәбірленушілердің ақшасы өз қажеттіліктеріне жұмсалғаны белгілі болды. Ақтөбе облысы полиция департаменті азаматтарды, әсіресе егде жастағы тұрғындарды күмәнді ұсыныстар мен қоңырауларға сақ болуға шақырады. Күдікті әрекеттерге тап болған жағдайда, бірден полицияға хабарласу қажеттігін ескертеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға