Ақтөбеде екі адам судан құтқарылды
Ақтөбе су қоймасы ортасында катамаран сынып қалғаны туралы 112 құтқару қызметіне хабарлама келіп түсті. Катамаранда екі адам болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жедел құтқару жасағының құтқарушылары дереу құтқару жұмыстарына кірісті.
Құтқарушылар күшімен 18 және 23 жастағы екі ер адам құтқарылып, катамаран ағыстан жағаға шығарылды. Зардап шеккендер жоқ.
Ақтөбелік құтқарушылар су айдындарында күнделікті рейд кезінде демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.
Оқи отырыңыз:
- Астанада балалы ер адамға соққы жасаған Бейбіт Шүменовтің әйелі АҚШ елшілігінен көмек сұрады
- Нәзік жанды ару кеншілермен иық тіресе еңбек етіп жүр
Ақтөбе облысы ТЖД ескертеді:
- егер сіз кішкентай балалармен бірге су қоймасында болсаңыз, оларды қараусыз қалдырмаңыз, балаларға ересектерсіз суға кіруге рұқсат бермеңіз;
- тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды;
- жүзу шекараларын белгілейтін қалтқылардың артында жүзбеңіз;
- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге болмайды;
-суға түспеңіз және қараңғы уақытта шомылмаңыз;
- суға алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде кірмеңіз.