Жаңалықтар

Ақтөбеде дүкеннен киім ұрлаған әйел ұсталды

Ақтөбеде дүкеннен киім ұрлаған әйел ұсталды
Фото: © Polisia.kz 12.09.2023 15:17 742

Ақтөбеде дүкеннен киім ұрлаған әйел ұсталды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

11 қыркүйекте сағат 15:00-да белгісіз әйел Ақтөбе қаласындағы сауда-ойын сауық кешендерінің біріндегі киім дүкенінен 2 сөмке, 2 әйелдер шалбары, спорттық шалбар және 3 әйелдер күртешесін ұрламақ болған. Дүкен иесіне келтірілген залалдың жалпы көлемі 60 мың теңгеге жуық сома.

Бейнекамералардың көмегімен аталған қылмыстың уақтылы жолы кесілді. Тексеру барысында полиция қызметкерлері өзіне тегін сауда ұйымдастырмақ болған әйел Ақтөбе қаласының 53 жастағы тұрғыны екенін анықтады.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті кінәсін мойындады. Заттай айғақтар алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға