Жаңалықтар

Ақтөбеде дәрігерді зорлап, 24 жерінен пышақтап өлтірген ер адамға сот үкім кесті

Ақтөбеде дәрігерді зорлап, 24 жерінен пышақтап өлтірген ер адамға сот үкім кесті
Фото: видеодан алынған кадр 11.10.2024 11:46 7271

Ақтөбеде өз пәтерінде дәрігер Мөлдір Томарованы пышақтап өлтіріп, ұстау кезінде полицияны жарақаттаған ер адамға үкім шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Марқұмның ата-анасы да, сотталушы да сот үкіміне апелляциялық шағым түсіретіндерін айтты.

Ақтөбе медицина орталығының дәрігеріне қатысты іс жабық қаралады. Күдіктіге Қылмыстық кодекстің төрт бабы бойынша айып тағылды. Олар: «Тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу»,«Зорлау», «Адам өлтіру», «Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қолсұғушылық» баптары. 

Судья Нұрлан Бақтығалиев төрт бап бойынша түпкілікті 22 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сотталушы жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді.

Е. кінәсі толық дәлелденді деп есептелінеді. Қылмысты жасыру үшін Томарованы қасақана өлтірген. Күш қолданып, зорлаған. Тұрғын жайға түнде басып кірген. Оқиға орнынан балкон арқылы қашып шығып, полиция қызметкерін жарақаттап қашып кеткен. Сотта толығымен дәлелін тапты. Ол пәтерге кіргенін, пышақ жарақатын салып өлтіргенін мойындап отыр. Жәбірленушімен таныстығы 2017 жылдан басталған. Соңғы кездері Томарова қашқақтай бастаған, сыйлықтарын қайтарып берген. Полицияға арыз жазып, әкімшілік жазаға тартылған. Оқиға түнгі 4-те басталған. Арнайы саты апарған, өз көлігімен емес, басқа көлік жалдаған. Ішке кіріп, зорлап, соны жасыру үшін өлтірген. Сот бұрын сотталмағанын ескерді. Ауырлататын мән-жай анықталмады, - деді судья Нұрлан Бақтығалиев.

Қыздың туыстары үкіммен келіскен жоқ.

Еске сала кетейік, Мөлдір Томарова – Қызылорда облысының тумасы. Ақтөбе медицина орталығының эндокринолог-дәрігері болып қызмет етті. Ол Ақтөбе қаласындағы медициналық университетте 9 жыл білім алған. Айта кетейік, қайғылы оқиға биыл 22 сәуірде болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға