Ақтөбеде былтыр 160-тан астам адам жол апатынан қаза тапқан
17.02.2025 08:43
Фото:
©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
Ақтөбе облысында былтыр 1766 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 166 адам қаза тапқан. 2418 адам әртүрлі дене жарақаттарын алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция мәліметінше, жол апаттарының басым көпшілігі жылдамдық асырудың кесірінен болған. Осыған байланысты өңірде айрықша белгілері жоқ қызметтік автокөліктерге және жедел жәрдем көліктеріне жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында жылдамдықты автоматты тіркеу құралдары іске қосылды. Құрылғының негізгі мақсаты – жол қозғалысына қатаң бақылау жасау мен жол қауіпсіздігін арттыру болып табылады. Бұл технологиялар жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға, жүргізушілердің жалпы тәртібін жақсартуға, қозғалыстың барлық қатысушылары үшін қауіпсіз жол ортасын құруға ықпал етпек.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

