Ақтөбеде бірнеше адам атысып, бір адам қаза тапты
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
Ақтөбеде атыс болып, бірнеше адам жараланды. Пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілген бір науқас қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
28 мамырда Ақтөбеде 18 бен 22 жас аралығындағы 9 адам бір-бірімен атысып, пышақтаған.
Оқ тиіп, пышақталған бірнеше ажам жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Пышақталған науқастың бірі жансақтау бөлімінде қайтыс болды, - делінген хабарламада.
Полиция қылмысты жасады деген күдікпен төрт күдіктіні ұстады. Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

