Жаңалықтар

Ақтөбеде балық аулауға кеткен екі адам қаза тапты

Ақтөбеде балық аулауға кеткен екі адам қаза тапты
Фото: ТЖМ 17.12.2024 00:34 102

Ақтөбеде осыдан екі күн бұрын балық аулауға шығып, хабарсыз кеткен екі адамның денесі судан шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

14 желтоқсан күні Владимир Курдюков пен Михаил Дуля балық аулау үшін қаладан Темір ауданына барған. Содан хабарсыз кетіп, тума-туыстары полиция мен еріктілерден көмек сұрады. Екі күн бойы іздеп, полиция оларды өзеннен тапты.

Полиция жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 1971 және 2003 жылдары туған екі ер адамды тапты. Олар Темір ауданының Кенжалы өзеніне батып кеткен. Сүңгуірлері екі ер адамның денесін автокөлік салонынан шығарды. Алдын ала мәлімет бойынша, Нива автокөлігі жоғары жылдамдықпен келіп, көпірден өзенге құлаған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға